2025 жылы Алматы облысына Қытайдан турист көп келді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қытай азаматы асық ойнады
Асық ойнаған қытай азаматы / фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Алматы облысына 147 мың шетел турисі келді. Олардың басым бөлігі – Қытай азаматы. Мәліметті осы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін енгізілген визасыз тәртіп облыста туризм саласының дамуына ықпал еткен. Былтыр шетел азаматтарының сапары 2024 жылмен салыстырғанда 13,19%-ға жиілеген.

Биыл Шанхай қаласында облыс әкімдігінің қызмет көрсету орталығы ашылды. Әкімдік мәліметінше, Алматы облысы ITB China және ITB Asia секілді ірі көрмелерге қатысып, қытай туроператорларымен, әуе компанияларымен, медиа өкілдерімен белсенді жұмыс істеп жүр.

Сәрсенбі күні Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазір облыста қытай капиталының қатысуымен 287 кәсіпорын жұмыс істейді.

Кейінгі жылдары облыс пен ҚХР арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асқан. Әкімдік дерегінше, Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 3,1 трлн теңге болатын тағы 45 инвестициялық жоба бар.

Бұған дейін Kursiv.Media Алматы қаласында LRT мен SkyTrain салып, метроны кеңейтуге қытай компаниялары көмектесетіні туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз