Біржан сал ауданында құны 20 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Біржан сал ауданында құны 20 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды / Фото: Shutterstock

Біржан сал ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне алу жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл басынан бері кадастрлық құны 20 миллион теңгеден асатын 3,5 мың гектардан астам жайылымдық алқап қайтарылды.

Аудандағы жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы мәселесін шешу мақсатында прокуратура «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару» жобасын жүзеге асыруда. Айта кетейік, былтырғы жылдың өзінде прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекетке 23 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылған болатын.

Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстар қарқын ала түсті. Қадағалау органының талабымен бірқатар ірі шаруашылықтар игерілмеген алқаптарын қайтарды. Мәселен:

  • «Нан-Жер» ЖШС-нен 1 412 гектар жер мемлекет меншігіне алынды.
  • «Баймырза-Агро» ЖШС 2 150 гектар жайылымдық жерді ерікті түрде тапсырды.

Қазіргі таңда прокуратура жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жер телімдерін адал еңбек етіп жатқан ауыл тұрғындары мен бизнес өкілдеріне үлестіруді тапсырды. Бұл бағыттағы тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айта кетейік, осыған дейін экс-министр Ермек Маржықпаевтың отбасы Бурабайдан жерді заңсыз иемденгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз