Мұнай бағасы қымбаттаса да, неге компаниялар салықты аз төледі

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Мұнай алыптарының салықтары неге азайды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Биыл мұнай-газ секторынан бюджетке түсетін салық көлемі төмендеген. Бұл туралы LS-ке Қаржы министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың бес айында мұнай-газ компанияларынан елдің шоғырландырылған бюджетіне 2,666 трлн теңге түскен. Оның 1,536 трлн теңгесі Ұлттық қорға аударылған.

Алайда бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 219,6 млрд теңгеге аз.

LSM дерегінше ірі үш кен орны бойынша жағдай әртүрлі.

Мұнай-газ салығы

Ірі мұнай-газ жобаларынан бюджетке түскен түсім

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш. Салыстыру 2025 жылдың осы кезеңімен берілді.

Жалпы түсім 2,666 трлн ₸ −219,6 млрд ₸

ТЕҢІЗ

🛢️
Бюджетке түскені 1,2 трлн ₸ Үш жоба ішіндегі ең жоғары түсім
↓ 180,3 млрд ₸ аз
Салыстырмалы деңгей 100%

ҚАРАШЫҒАНАҚ

Бюджетке түскені 515,7 млрд ₸ Теңізден кейінгі екінші ірі түсім
↓ 127,4 млрд ₸ аз
Теңізбен салыстырғанда 43%

ҚАШАҒАН

🌊
Бюджетке түскені 265,8 млрд ₸ Үш жоба ішінде өсім көрсеткені
↑ 21,7 млрд ₸ көп
Теңізбен салыстырғанда 22%
Негізгі ой: Теңіз бен Қарашығанақтан түскен салық азайған. Ал Қашағаннан түскен түсім, керісінше, өскен.
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Жыл басынан бері «Теңізшевройлдан» бюджетке 1,2 трлн теңге түсті. Бұл 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 180,3 млрд теңгеге аз.

Қарашығанақ жобасынан 515,7 млрд теңге түскен. Мұнда да түсім 127,4 млрд теңгеге төмендеді.

Ал Солтүстік Каспий жобасынан, яғни Қашағаннан, бюджетке 265,8 млрд теңге аударылған. Бұл керісінше былтырғыдан 21,7 млрд теңгеге көп.

Қаржы министрлігі салық түсімінің азаюына бірнеше фактор әсер еткенін түсіндірді. Олардың қатарында геосаяси жағдайдың өзгеруі, өндірістік шығындардың өсуі және ірі жобалардағы өндірістің уақытша тоқтауы бар.

Ведомствоның мәліметінше, осы факторлар мұнай мен газ конденсатын өндіру және экспорт көлеміне тікелей әсер еткен.

Энергетика министрлігінің дерегіне сай, биылғы төрт айда көмірсутек өндіру көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,6 млн тоннаға азайған.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 28,4 млн тонна көмірсутек өндірілді. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 32,9 млн тонна болған.

Айта кетейік, Үкімет 5 айда салық түсімдерін толық жинады

Сондай-ақ оқыңыз