Қазақстандықтар 4 бөлмелі пәтерді сирек сатып ала бастады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Көп бөлмелі үйлер нарығы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда 4 бөлмелі пәтерлер бойынша мәміле саны азайды. 2025 жылғы мамырда ел бойынша осындай 1 064 пәтер сатылса, 2026 жылғы мамырда 951 мәміле болған.

ҚР ҰСБ-ның мәліметінше бір жылдағы айырма – 113 мәміле. Бұл шамамен 10,6% төмендеу деген сөз.

Бұл дерек тұрғын үй нарығында үлкен пәтерлерге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді. Әсіресе, бағасы қымбат, аумағы кең пәтерлерді сатып алуға халықтың мүмкіндігі бұрынғыдан шектеулі болуы мүмкін.

Астана мен Алматы әлі де негізгі нарық

4 бөлмелі пәтерлер ең көп сатылатын өңірлердің басында бұрынғыдай Астана мен Алматы тұр.

2026 жылғы мамырда Астанада 217, Алматы қаласында 173 төрт бөлмелі пәтер сатылған. Екі қалада сатылған 4 бөлмелі пәтер саны жалпы сатылған үйлердің 41 пайызын құрайды.

Бұл түсінікті жағдай. Ірі қалаларда халық саны көп, табыс деңгейі жоғарырақ, әрі үлкен отбасыларға арналған пәтерлерге сұраныс тұрақты сақталады. Бірақ соған қарамастан, Астанада бір жылда мәміле саны 229-дан 217-ге төмендеді. Алматыда да аздап төмендеу бар: 176-дан 173-ке түсті.

Айта кетейік, ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзарды

Сондай-ақ оқыңыз