Көп бөлмелі үйлер нарығы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Қазақстанда 4 бөлмелі пәтерлер бойынша мәміле саны азайды. 2025 жылғы мамырда ел бойынша осындай 1 064 пәтер сатылса, 2026 жылғы мамырда 951 мәміле болған.
ҚР ҰСБ-ның мәліметінше бір жылдағы айырма – 113 мәміле. Бұл шамамен 10,6% төмендеу деген сөз.
Бұл дерек тұрғын үй нарығында үлкен пәтерлерге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді. Әсіресе, бағасы қымбат, аумағы кең пәтерлерді сатып алуға халықтың мүмкіндігі бұрынғыдан шектеулі болуы мүмкін.
2026 жылғы мамыр · көппәтерлі үйлер
4 бөлмелі пәтерлердің өңір ішіндегі үлесі
Әр өңірде көппәтерлі үйлер бойынша жасалған жалпы пәтер мәмілесінің ішінде 4 бөлмелі пәтерлердің қанша үлес алғаны көрсетілді.
Жамбыл облысы
538 пәтердің 49-ы — 4 бөлмелі
9,1%
Абай облысы
449 пәтердің 30-ы — 4 бөлмелі
6,7%
Маңғыстау облысы
1 226 пәтердің 68-і — 4 бөлмелі
5,5%
Ұлытау облысы
208 пәтердің 11-і — 4 бөлмелі
5,3%
Қарағанды облысы
2 187 пәтердің 113-і — 4 бөлмелі
5,2%
Қызылорда облысы
259 пәтердің 13-і — 4 бөлмелі
5,0%
Жетісу облысы
302 пәтердің 14-і — 4 бөлмелі
4,6%
Павлодар облысы
665 пәтердің 30-ы — 4 бөлмелі
4,5%
Астана қаласы
5 007 пәтердің 217-сі — 4 бөлмелі
4,3%
Шығыс Қазақстан облысы
612 пәтердің 26-сы — 4 бөлмелі
4,2%
Атырау облысы
517 пәтердің 21-і — 4 бөлмелі
4,1%
Шымкент қаласы
1 074 пәтердің 43-і — 4 бөлмелі
4,0%
Ақтөбе облысы
1 063 пәтердің 41-і — 4 бөлмелі
3,9%
Алматы қаласы
4 508 пәтердің 173-і — 4 бөлмелі
3,8%
Ақмола облысы
934 пәтердің 34-і — 4 бөлмелі
3,6%
Қостанай облысы
850 пәтердің 29-ы — 4 бөлмелі
3,4%
Солтүстік Қазақстан облысы
373 пәтердің 11-і — 4 бөлмелі
2,9%
Батыс Қазақстан облысы
536 пәтердің 15-і — 4 бөлмелі
2,8%
Алматы облысы
1 186 пәтердің 10-ы — 4 бөлмелі
0,8%
Түркістан облысы
887 пәтердің 3-еуі — 4 бөлмелі
0,3%
Негізгі қорытынды: 4 бөлмелі пәтерлердің абсолют саны Астана мен Алматыда көп. Бірақ жалпы пәтер мәмілесіндегі үлесі бойынша Жамбыл облысы алда: онда 538 пәтер мәмілесінің 49-ы 4 бөлмелі болған.
Дерек: 2026 жылғы мамыр айындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері кестесі.
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Астана мен Алматы әлі де негізгі нарық
4 бөлмелі пәтерлер ең көп сатылатын өңірлердің басында бұрынғыдай Астана мен Алматы тұр.
2026 жылғы мамырда Астанада 217, Алматы қаласында 173 төрт бөлмелі пәтер сатылған. Екі қалада сатылған 4 бөлмелі пәтер саны жалпы сатылған үйлердің 41 пайызын құрайды.
Бұл түсінікті жағдай. Ірі қалаларда халық саны көп, табыс деңгейі жоғарырақ, әрі үлкен отбасыларға арналған пәтерлерге сұраныс тұрақты сақталады. Бірақ соған қарамастан, Астанада бір жылда мәміле саны 229-дан 217-ге төмендеді. Алматыда да аздап төмендеу бар: 176-дан 173-ке түсті.
Айта кетейік, ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзарды