Шымкент пен Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

Оңтүстікте аптап ыстықтан асфальт балқи бастаған. Осыған байланысты «Шымкент – Түркістан» тасжолы мен Солтүстік айналма жолында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары мониторинг жүргізіп, төрт учаскеде ақау барын анықтаған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер орнатылды.
Арнайы бригадалар плиталарды қалпына келтіріп, жол бетіндегі қысымды жеңілдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Көлік жүргізушілері жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаса», – дейді жауаптылар.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетов 15 күндей аптап ыстық болғанын айтты.
«Ауа температурасы Түркістан облысында 35-42 С көтеріліп жатыр. Қазіргі таңда осындай 4 жерді анықтадық. 4 жерді қалпына келтіріп, жұмыстарды әлі де атқарып жатырмыз. Бір айдың көлемінде анализ жасап, ауа райына қарап отырамыз. Сол метрологиялық ақпаратқа қарағанда, 1 ай қатты ыстық болады. Сол ыстықта кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істейміз», дейді ол.
Айта кетейіік, Қазгидромет 2026 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжамды жариялаған еді.