ТМК болашағы: XVI Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресі басталды

Жарияланды
Фото: Qarmet

Астанада Astana Mining & Metallurgy – AMM 2026 XVI Халықаралық тау-кен металлургиялық кешені (ТМК) конгресі өз жұмысын бастады. Биыл іс-шараның бас серіктесі ретінде Qarmet компаниясы қатысуда.

Фото: Qarmet

Конгресс жыл сайын ТМК кәсіпорындарының өкілдерін, мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды, инвестициялық қауымдастықты және технологиялық шешімдер жеткізушілерін біріктіреді. Бұл алаң саладағы негізгі сын-қатерлерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және ТМК-ны одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты. Оған Qarmet компаниясының негізгі өндірістік көрсеткіштері таныстырылып, іске асырылу сатысындағы бірқатар инвестициялық жобалар ұсынылды.

Фото: Qarmet

Бірінші күннің басты оқиғасы «Жер қойнауынан зияткерлік биіктерге: ТМК болашағы үшін жаһандық серіктестік» тақырыбындағы пленарлық отырыс өтті. Сұрақ-жауап форматындағы талқылауға Qarmet компаниясының қаржы және стратегиялық даму жөніндегі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Зауре Заурбекова қатысты.

Қатысушылар технологиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және заманауи басқару тәсілдерінің ТМК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін талқылады.

Фото: Qarmet

«Бүгінде Qarmet ауқымды трансформация кезеңінен өтуде. Біз шамамен 3,5 млрд доллар көлеміндегі инвестициялық бағдарламаны іске асырып жатырмыз. Бұл бізге Еуропа, Қытай және басқа да елдерден жаңа технологияларды енгізуге, әлемдік болат нарығындағы өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологиялар өндірісті тиімді әрі экологиялық тұрғыдан таза етуге көмектеседі. Қазақстан табиғи ресурстарға бай. Алайда жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшу үшін жаңа тәсілдер қажет. Бұл жерде негізгі рөлді адамдар, олардың білімі, біліктілігі және кәсіби дамуы атқарады», – деп атап өтті Зауре Заурбекова.

Фото: Qarmet

Пленарлық отырыс барысында ТМК дамуының перспективалары, жасанды интеллектті енгізу және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды.

Фото: Qarmet

«Бүгін тау-кен металлургия саласы үшін жоғары технологиялардың маңыздылы көп айтылды. Менің ойымша, Қазақстанның артықшылықтарының бірі – заманауи технологияларды енгізіп, неғұрлым тиімді бизнес-модельдер құру мүмкіндігі. Біз сапалы өнім өндіреміз, өндірістік процестерді жетілдіреміз және еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлеміз.

Кәсіпорын жаңа акционерге өткеннен кейін қауіпсіздік абсолютті басымдыққа айналды. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұған қоса, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бізге белсенді түрде көмектесіп келеді, олар шахталарда да, металлургиялық өндірісте де кеңінен қолданыла бастады. Бұл бизнесті неғұрлым тиімді ететін жаңа тәсіл», – деп атап өтті Зауре Заурбекова.

Фото: Qarmet

Сондай-ақ саланың тұрақты дамуына негіз болатын шешімдерді бүгіннен бастап қабылдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Әңгіме жаңа технологиялар, ұзақ мерзімді серіктестік және өндірісті басқарудың заманауи тәсілдері туралы.

«Ең алдымен тұрақты инвестициялық орта қажет. Менің ойымша, Қазақстан үкіметі бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Елдің заңнамасы дамып келеді, сондықтан инвесторлар Қазақстанның инвестициялық климатының тартымдылығына сенімді бола алады. Бұл нормативтік базаға, экологиялық реттеуге және басқа да көптеген аспектілерге қатысты. Бұдан бөлек, сала үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру өте маңызды. Тау-кен өнеркәсібі бірден нәтиже бермейді. Мұнда болашаққа бағытталған, шыдамды инвесторлар қажет. Дәл осы тәсіл ауқымды даму жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Зауре Заурбекова.

Фото: Qarmet

Іскерлік бағдарлама аясында серіктес елдер үкіметтері өкілдерінің қатысуымен стратегиялық диалог өтті. Онда халықаралық ынтымақтастық перспективалары, инвестициялық байланыстарды дамыту және ТМК саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Жекелеген сессиялар инвестициялық ахуал мен реттеуші ортаға, жоғары құбылмалылық жағдайындағы металл саудасына, тәуекелдерді басқаруға, геологиялық барлауға, көлік инфрақұрылымына және Орталық Азияны жаһандық логистикалық тізбектерге интеграциялауға арналды.

Фото: Qarmet

Qarmet компаниясының AMM 2026 конгресіне бас серіктес ретінде қатысуы оның салалық диалогты дамытуға үлес қосуға, серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның ТМК саласына заманауи технологияларды енгізуді қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз