Lifestyle

Түркияда есірткі ісі бойынша Көсем сұлтан рөліндегі жұлдыз ұсталды

Түркияда есірткі ісі бойынша Көсем сұлтан рөліндегі жұлдыз ұсталды / Фото: Hürrıet

Ыстаyбұлда есірткіге қатысты шулы іс бойынша тағы 23 адам, оның ішінде танымал тұлғалар ұсталды. Hürrıet басылымы хабарлауынша, олардың арасында «Ғажайып жүз жыл» сериалының жұлдызы, актриса Берен Саат, модель, актриса, әнші және «Түркия аруы – 1999» атағының иегері Айше Хатун Онал, әнші Кенан Догулу, әлеуметтік желі жұлдызы Керимджан Дурмаз бар.

Есірткіге қарсы полиция операциясы барысында ұсталған танымал тұлғаларды алдымен сот-медициналық сараптама институтына жеткізді. Қан мен шаш үлгілерін тапсырғаннан кейін оларды полиция бөлімшесіне ауыстырды.

Тұтқындалғандарға есірткі немесе психотроптық заттарды жеке мақсатта сақтау және есірткі қолдануға жәрдемдесу айыптары тағылуда.

Операция кезінде полиция тінту жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде кейбір мекенжайлар мен жұмыс орындарынан есірткі мен оны қолдануға арналған құралдар тәркіленді.

Бұған дейін сәуір айындағы үлкен тексерістен соң Түркия прокуратурасы есірткі ісін тергеу аясында атақты тұлғалардан алынған шаш пен қан үлгілерінің сараптама нәтижелерін жариялаған еді.