Алматының үш ауданында ыстық су өшіріледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматының үш ауданында ыстық су өшіріледі / Фото: unsplash.com

«АлматыЖылуКоммуналЭнерго» ЖШС қазандықтарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының бірнеше ауданында ыстық су уақытша өшіріледі. Қазандықтардың тоқтатылу кестесі «Алматы жылу желілері» сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ыстық су орта есеппен бес күнге болмайды.

Су өшіру уақыты Түрксіб, Жетісу және Медеу аудандарының тұрғындарын қамтиды.

Түрксіб ауданында 23 маусымға дейін Ахметов-Огарев-Қалмаржын-Закарпатская көшелерінің шаршысында ыстық су болмайды. 19 маусымға дейін Лавренёв-Дөнентаев-Жұлдыз шағынауданы-Дөнентаев көшелерінің шекарасында, сондай-ақ, Элеваторская-Щёлково-Сүйінбай-Щёлково көшелерінде ыстық су өшіріледі.

15-19 маусым аралығында Орджоникидзе-Гёте-Кожедуб-Читинская көшелерінің шаршысындағы үйлердің тұрғындары ыстық сусыз қалады.

22-26 маусым аралығында өшірулер Кассин-Бехтерев-Будённый-Жұмабаев, Талас-Дулатов-Кассин-Монтин, сондай-ақ Сейфуллин-Терёхин-Дулатов-Ақан Сері көшелерінің шекарасында өтеді.

29 маусым мен 3 шілде аралығында Урицкий-Нұрсая-Бейсебаев-Бартольд көшелерінің шаршысында ыстық су болмайды.

Медеу ауданында 22-26 маусым аралығында Шахтинская-Атбасарская-Демченко-Аяз би көшелерінің шекарасында ыстық су өшіріледі.

Жетісу ауданында 22-26 маусым аралығында Шекспир-Жайсаң-Эйхе-Терешкова көшелерінің шаршысындағы үйлердің тұрғындары ыстық сусыз қалады.

Айта кетейік, осыған дейін Әуезов ауданында да судың өшірілгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз