
Астананың орташа температурасы соңғы жүз жылдан астам уақытта айтарлықтай өсті. Meteostat дерегіне қарағанда, 1881–1900 жылдары қаладағы орташа температура 1,6°C болса, 2021-2025 жылдары бұл көрсеткіш 5,3°C-қа жеткен.
Ең үлкен өзгеріс соңғы онжылдықтарда байқалады. 1961-1980 жылдары орташа температура 2,5°C болған. Ал 1981-2000 жылдары 3,3°C-қа, 2001-2020 жылдары 3,5°C-қа көтерілді.

2021-2025 жылдар аралығындағы көрсеткіш ерекше жоғары. Бұл кезеңдегі орташа температура бұрынғы тарихи деңгейлерден әлдеқайда асып түсті.
Деректер Астанада климаттың жылыну үрдісі күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Қала бұрынғыдан жылырақ болып барады, ал соңғы жылдар бұл өзгерістің қарқыны артқанын аңғартады.