Енді PhD дәрежесін алғандар да грантты мектепте жұмыс істеп өтей алады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
школы
Бұл туралы мәжіліс депутаты айтты / Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Енді докторантураны (PhD) грантта оқып бітіргендер мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс мерзімін өтей алады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды.

Айтуынша, бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті еді.

«Ал іс жүзінде біздің мектептерге және басқа да білім беру ұйымдарына дәл осындай терең білімі бар мықты PhD докторлары өте қажет еді. Бірақ қатал норманың кесірінен жас мамандар мектепке бара алмайтын, өйткені ол жақтағы жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін», – деп жазды депутат.

Осылайша мектептер мен білім беру ұйымдары мықты кадрлармен толығады және түлектерге таңдау беріледі.

«Олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады. Ондағы жұмыс өтеу мерзімі заңды түрде толық есептеледі. Мықты ғалымдар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, мектептерде де аса қажет», – дейді Аймағамбетов.

Бұған дейін елде Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен пайда болатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз