
Каспий құбыр консорциумы мамыр айында мұнай тасымалын рекорд деңгейге жеткізді. 2026 жылдың мамырында КҚК арқылы 7,2 млн тонна мұнай жөнелтілді. Бұл тәулігіне шамамен 1,83 млн баррель деген сөз.
Сәуірде бұл көрсеткіш 6,3 млн тонна немесе тәулігіне 1,67 млн баррель болған.
Мамырдағы өсімге негізінен Теңіз кен орнында өндірістің қалпына келуі әсер етті. Бұған дейін кен орнында техникалық ақауға байланысты өндіріс төмендеген еді.
Қазақстан мұнайының КҚК арқылы жөнелтілген көлемі де артты. Мамырда 6,27 млн тонна қазақстандық мұнай экспортталды. Сәуірде бұл көрсеткіш 5,45 млн тонна болған. Тәуліктік есеппен өсім шамамен 11% болды.
КҚК маусым айына арналған CPC Blend мұнайын экспорттау жоспарын да көтерді. Жаңа жоспар бойынша маусымда тәулігіне 1,7 млн баррель мұнай экспортталуы мүмкін. Бұл бір айда шамамен 6,5 млн тоннаға тең.
Бұған екі фактор әсер еткен:
Біріншіден, Қашағандағы жөндеу жұмыстары 2027 жылға шегерілді. Екіншіден, Теңіздегі өндіріс қайта қалпына келді.
Сонымен қатар Қазақстан 1 мамырдан бастап Германияға мұнай экспортын тоқтатты. Босаған көлем КҚК жүйесіне бағытталды.
Консорциум 2026 жылы мұнай жөнелту көлемін 72 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 млн тонна болған.
Айта кетейік, 2026 жылдың бес айында мұнай-газ компанияларынан елдің шоғырландырылған бюджетіне 2,666 трлн теңге түскен.