«Той жүргіземіз»: актриса Жанель Мақажан орамалын шешті

Танымал актриса Жанель Мақажан төрт жылдан кейін орамалын шешті. Жолдасы Абай Асылханмен жаңа стильде видео түсіріп, инстаграм парақшасында жариялаған.
Ол енді той жүргізуге кіріскенін айтты.
«Той жүргізу, Ұзату саласына белсенді кірісіп жатырмыз. Біз сіздердің қуанышты сәттеріңізді абыроймен, қызықты әрі әсерлі етіп өткізуге дайынбыз! Тойларыңыз болса хабарласыңыздар», – деп жазған ол видео астында.
Жанель Мақажан көпшілікке «Қош бол, Гүлсары», «Махаббатым жүрегімде», «Ана жүрегі» фильмдері арқылы таныс. Ол 2022 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін орамалға келгенін айтқан еді.
Соңғы уақытта медиадағы бірнеше танымал актриса, әнші орамалдан бас тартқанын хабарлады. Қаңтарда Айдана Меденова хиджабты не үшін шешкенін түсіндірді. Оның алдында қазақстандық блогер Айым Алтынбекова да төрт жылдан кейін хиджабты шешетінін айтқан.
Еске салайық, былтыр арнайы заң қабылданып, қоғамдық орындарда ниқаб секілді бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салынды.