Әлем чемпионаты: АҚШ алғашқы ойында Парагвайдың тас-талқанын шығарды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
В атаке форвард американцев Фоларин Балоган
фото: FIFA

Футболдан Әлем чемпионатының 1-турында-ақ сенсациялық ірі есеп тіркелді. АҚШ құрамасы Парагвайды еш аяусыз 4:1 есебімен талқандап, турнирді сескендіре бастады.

Ойын басталмай жатып-ақ АҚШ-тың қысымына шыдай алмаған парагвайлық қорғаушы Д. Бобадилла 7-минутта өз қақпасына гол соғып алды.

Кейін 31-минутта К. Пулишичтің пасынан кейін Балоган есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші таймның соңында, 45+5-минутта М. Тиллманның ассисін сәтті пайдаланған Балоган дубль жасап, есепті 3:0 децін жеткізді.

Екінші тайм

Екінші таймда Парагвай құрамасы намысқа тырысып, 73-минутта Маурисионың көмегімен бір гол қайтарды (3:1). Бірақ бұл ойынның сипатын өзгерте алмады. Жүйкесі сыр берген парагвайлықтар дөрекілікке басып, М. Альмирон, Д. Гомес, А. Арсе және Ж. Алонсо жаппай сары қағаз арқалады.
АҚШ құрамасы соңғы нүктесін қосымша уақытта қойды. 90+8-минутта алаңға тыңнан қосылған Дж. Рейна А. Фрименнің пасынан кейін төртінші голды соғып, Парагвайды біржола жермен-жексен етті.

Сондай-ақ оқыңыз