Әлем чемпионатына келген Англия құрамасын ұрылар тонап кетті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Фото: FIFA

АҚШта өтіп жатқан Футболдан әлем чемпионатында кезекті дау туды. Англия ұлттық құрамасының маңызды жаттығу құралдары мен ойыншылардың киімдері мен аяқ-киімдері қолды болды. Бұл туралы беделді Daily Mail және The Guardian басылымдары хабарлады.

Ұрылар не алып кетті

Оқиға құраманың жүктерін Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласынан Канзас-Ситидегі базасына тасымалдау кезінде болған.

Жоғалған заттардың ішінде жұлдызды ойыншылардың бутсылары, команда капитаны Хәрри Кейн мен жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің арнайы дайындалған аяқ киімдері бар.

Сондай-ақ турнирдің ресми доптары, негізгі жаттығу жабдықтары мен массаж үстелдері, бас бапкер Томас Тухельдің тактикалық тақталары болған.

Полиция күдіктілерді қолға түсірді

Канзас-Сити полициясы бұл істі ерекше бақылауға алып, шұғыл тергеуді бастап кетті.

«Біз Канзас-Ситиге келген қызметтік көліктен құрал-жабдықтардың ұрлану фактісін зерттеп жатырмыз. Кейбір заттар шынымен де жоғалған. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Англия футбол қауымдастығы мен команда демеушілері футболшыларға дәл сондай бутсылар мен құралдарды жедел түрде АҚШ-қа жеткізу жағын ұйымдастырып жатыр.

Айта кетейік, Англияның алғашқы ойыны 17 маусымда Хорватияға қарсы өтеді.

Бұған дейін, турнир қожайыны АҚШ алғашқы ойынында Парагвайдың тас-талқанын шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз