
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын тең ойынмен бастады. С тобының алғашқы турындағы Мароккоға қарсы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Бразилиялықтар үшін турнирдің басы оңайға соқпады. Карло Анчелотти шәкірттері қарсыластың белсенді прессингіне тап болып, ойын тізгінін бірден қолға ала алмады.
Ойынның 21-минутында Марокколықтар есеп ашты. Браим Диастың пасын сәтті пайдаланған Исмаэль Сайбари допты Бразилия қақпашысы Алиссонның үстінен асыра тастап, гол соқты.
32 – минутта Бразилиялықтар үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Қарсыластың қорғаныстағы қателігін мүлт жібермеген Винисиус Жуниор есепті 1:1 қылды.
Екінші таймда Бразилия қанша тырысқанымен, мароккалықтардың қорғанысы сыр берген жоқ. Осылайша, қос команда ұпай бөлісті.
Осы С тобындағы екінші матчта Гаити мен Шотландия құрамалары кездеседі.