Әлем чемпионаты: Германия алғашқы ойында жеті гол соқты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
чемпионат мира, футбол, Германия, Кюрасао
Германия жеті гол соқты / фото: FIFA

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы турында Германия құрамасы «неміс машинасы» екенін дәлелдеп, Кюрасао командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу бастан аяқ неміс футболшыларының толық басымдығымен өтті.

Бірінші тайм

Ойынның есебін 6-минутта Ф. Вирцтің пасынан кейін Ф. Нмеча ашты. Дегенмен Кюрасао футболшылары оңай беріле салмады: 21-минутта Л. Комененсия таразы басын теңестіріп, жанкүйерлерін бір қуантты (1:1).

Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. 38-минутта Н. Браунның ассисттігімен Н. Шлоттербек Германияны қайта алға шығарса, бірінші таймның соңына қарай (45+5′) К. Хаверц пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші тайм

Екінші таймда Германия құрамасы шабуылды үдете түсті.

47-минутта Йозуа Киммихтің пасынан кейін Дж. Мусиала есепті 4:1 қылды.

68-минутта Ундавтың көмегімен Н. Браун бесінші голды соқты. 78 минутта тағы да Йозуа Киммих ассист жасап, бұл жолы Д. Ундав өз есімін таблоға жазды (6:1) 88 минутта ойынның нүктесін Ундавтың пасынан кейін дубль жасаған Кай Хаверц қойды 7:1.

Айта кетейік, Кариб теңізінің оңтүстігінде, Венесуэланың жағалауында орналасқан кішкентай ғана Кюрасао аралы Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз