Әсет Матаев ҚазТАГ-та шыққан Freedom туралы материалдарға қатысы жоқ екенін айтты

Алматыда «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Үзіліс кезінде «ҚазТАГ» бас директоры Әсет Матаев қылмыстық іске себеп болған сайттағы материалдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ «Фридом Финанспен» медиация арқылы келісімге келу-келмеуді «ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Касенов шешетінін мәлімдеді.
Бұған дейін «Фридом Финанс» 6 маусымда іскерлік беделді қорғауға байланысты дауды медиация арқылы реттеуге дайын екенін қайтадан мәлімдеді. Компания материалдық шығынды өндіруді талап етпейтінін атап өтті.
«Бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Материалды мен шығарған жоқпын», – деп жауап берді Әсет Матаев.
Айта кетейік, сот процесі барысында «ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Касенов өзіне тағайындалған бұлтартпау шарасы талаптарын бұзғаны үшін сот залында қамауға алынды.