Аттракцион астында қалған жігіттің аяғына ампутация жасалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Аттракцион астында қалған жігіттің аяғына ампутация жасалды / Фото: Shutterstock

Қызылордадағы «Арай» саябағында болған аттракциондағы оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан айырылды, деп хабарлайды Informburo.kz.

«2007 жылғы, 18 жастағы пациент жедел жәрдем бригадасымен өте ауыр халде жеткізілді. Пациент шұғыл түрде операцияға алынды. Жүргізілген ота көлемі: сол аяғы санның жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде, оң аяғы тобық буыны деңгейінде ампутацияланды», – деді аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов.

Қазіргі таңда оның жағдайы өте ауыр, алған жарақатының ауырлығына байланысты тұрақсыз күйде.

Төтенше жағдай 15 маусымда орын алды. Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желілерде пайда болды. Аттракцион жас жігіттің аяғын «мыжып» жіберген. Қолданушылар зардап шегушіге шұғыл түрде қан қажет екенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз