Экономика

Доллар үшінші күн қатарынан аразандады

Қазақстан Қор биржасында 16 маусымда доллардың бағасы 486,95 теңге болды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

16 маусымда KASE валюта нарығында доллардың бағасы 486,95 теңгеге дейін төмендеді. Сағат 15:30-дағы дерек бойынша USD/KZT жұбының сауда-саттық көлемі 500 млн доллардан асты.

Дүйсенбі күні KASE сауда қортындысы бойынша доллардың бағасы 489.40 теңге болған еді. Өткен жұмада 489,35 теңгемен аптаны аяқтаған ескерек, осылайша 3 жұмыс күн қатарынан доллар бағамы түсуде

Дәл осы уақытта kurs.kz мәліметі бойынша Алматы мен Астана қалаларындағы айырбас орындары долларды 487-488 теңгеден қабылдаса, 489-491 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетейік, Еуразиялық даму банкі АҚШ долларының орташа жылдық бағамы біртіндеп: 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін деп болжаған.