Экономика

Forbes World әлемдегі ең ауқатты кәсіпкерлердің тізімін жаңартты

Тізімнен байлықтың негізгі бөлігі технология, жасанды интеллект, бұлтты сервистер, электронды сауда және люкс тауарлар нарығында шоғырланған / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Forbes World рейтингі бойынша әлемдегі ең бай 10 кәсіпкердің көшін Илон Маск бастап тұр. Оның байлығы 1,3 трлн доллар деп бағаланған.

Бұл тізімде технология саласының өкілдері басым: Tesla, SpaceX, Google, Amazon, Oracle, Dell Technologies, Meta және Nvidia негізін қалаушылары алғашқы орындарға жайғасқан.

Екінші орында Google негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж тұр. Оның байлығы – 301,4 млрд доллар. Үшінші орында Сергей Брин – 277,9 млрд доллар. Amazon негізін қалаушы Джефф Безос төртінші орынға жайғасқан, оның байлығы 255,5 млрд доллар деп көрсетілген.

Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ларри Эллисон, Майкл Делл, Марк Цукерберг, Дженсен Хуанг, Бернар Арно және Уоррен Баффет кірді. Тізімнен байлықтың негізгі бөлігі технология, жасанды интеллект, бұлтты сервистер, электронды сауда және люкс тауарлар нарығында шоғырланғанын көруге болады.

Айта кетейік, Илон Маск әлем тарихындағы ең бай адам ретінде жаңа рекорд орнатты. Оның байлығы 1,3 трлн долларға жетті.