100 млн теңгеден асатын тендердің ақшасы цирфлық теңгемен төленеді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Мемлекеттік сатып алу саласында цирлық теңге кеңінен қолданылмақ / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда мемлекеттің ақшасын тиімді жұмсау мақсатында жаңа жоба басталып жатыр. Ірі мемлекеттік тендердерің қаржысы енді қарапайым ақшамен емес, цифрлық теңгемен төленетін болды. Бұл ереже құны 100 миллион теңгеден асатын ірі келісімшарттарға қатысты қолданылады.

Жаңа жүйе ең алдымен жол құрылысы, ауруханаларға дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар сатып алу, жанар-жағармай, әскери киімдер мен мемлекеттік көліктер алу сияқты салаларды қамтиды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қордың шығындары мен ғылымға берілетін гранттар да осы тәртіппен үлестіріледі.

Жүйенің ең басты ерекшелігі – цирлық теңгенің белгілі бір мақсатқа ғана бағытталатынында. Яғни, мемлекет белгілі бір қаржыны нақты бір жолды жөндеуге бөлсе, ол ақшаны басқа мақсатқа жұмсау немесе қолды қылып жіберу техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Ақшаның қайда және не үшін жұмсалып жатқаны бюджетті жоспарлау кезеңінен бастап арнайы код арқылы белгіленіп, үкіметке ап-анық көрініп тұрады.

Жұмыс істеу тәртібі де өте қарапайым әрі әділ. Мердігер компания міндетін атқарып, тауарын жеткізгенін электронды шот-фактура немесе қабылдау актісі арқылы дәлелдеуі керек.

Жұмыстың сапалы жасалғаны ресми түрде расталғаннан кейін ғана Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк кәдімгі ақшаны цифлық теңгеге айналдырып, кәсіпкердің шотына аударады. Бұл қадам бюджет қаржысының таза жұмсалуын қамтамасыз етпек.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке цифрлық теңгенің кеңінен қолдануды тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз