АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен қазақ жігіті ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Еламан Балтагерей
фото: Іcegov, сапасы ЖИ арқылы өңделді

АҚШ-тың Көші-қон және кеден бақылауы қызметі (ICE) бесінші маусымда қазақ жігіті Еламан Балтагерейді ұстады. Бұл туралы ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.

Еламан Америкада заңсыз жүргендіктен, 2025 жылы жазда көші-қон соты оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол сот отырысына келмей қалған. Енді оны мәжбүрлеп елден депортациялайды.

«Еламан Балтагерейді елден шығару туралы түпкілікті сот шешімі бар, терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген тұлға ретінде мақсатты түрде ұсталды. Ол елден депортацияланғанға дейін және жол құжаттары дайындалғанша ICE уақытша ұстау изоляторында болады», – деп жазылған ICE хабарламасында.

Бұған дейін АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылғанын жазған едік. Құтқарушылар 24 жастағы Әсет Құралбайды бес күн іздеп, соңында мәйітін тапты. Қазір осы іске қатысты тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыз