Азат Перуашев саясаттан кету туралы сұраққа жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға журналисі
General news бөлімінің аға журналисі
"Казахстан - не Штрафстан": депутат Перуашев взял свои слова обратно
Азат Перуашев журналистер сұрағына жауап берді/фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы қызметінен кетуі мен лауазымға Дания Еспаеваның тағайындалуына пікір білдірді. Айтуынша, шешім партия ішінде шамамен жарты жыл бойы талқыланған.

«Әрине, бұл белгілі бір деңгейде көңіл күйіме әсер етті, бірақ бұл шешімге басқа факторлар ықпал етті. Сіздерге құпияны ашайын: біз Дания Еспаеваның қаңтардан бастап дайындадық. Ол кісінің партиядағы беделінің өте жоғары екенін байқадым. Сондықтан осындай шешім қабылдадық», – деді Перуашев.

Айтуынша, Еспаеваға партияны басқару ұсынылғанда ол кісі бастамаға сақтықпен қарап, қатты алаңдаған. Алайда партиядағы әріптестері оған жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізген.

Перуашев демалысқа шыға ма

Мәжіліс кулуарында Азат Перуашев демалысқа кетуге қатысты сұраққа да жауап берді. Сөзінше, түпкілікті шешім партия съезінде қабылданады. Бұрынғы төраға «саяси демалысқа» кетуге дайын екенін және депутаттық мансабының аяқталуын ауыр қабылдамайтынын жеткізді.

Айта кетейік, 13 маусымда «Ақ жол» демократиялық партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз