Бүгін Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізеді

Жарияланды 17 Маусым 2026 15:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Дастан Сәтбаевтың соңғы ойыны / фото: ФК Қайрат

Бүгін 17 маусым қазақ футболы үшін тарихи күн. Қазақстан премьер-лигасының 17-ші туры аясындағы «Қайрат» – «Қызылжар» кездесуі отандық футбол жұлдызы, 17 жастағы Дастан Сәтбаевтың соңғы қоштасу матчы болмақ,

Дастан Сәтбаев былтыр лондондық «Челсимен» 5 жылға келісімшартқа отырған. Отандық футбол тарихындағы рекордтық 4,3 млн еуроны құраған трансфер – қазақ спорт мектебінің үлкен жеңісі.

Бүгін 17 маусым, Дастанның Алматы Орталық стадионындағы соңғы ойыны болса, 21 маусым күні Дастан «Қайрат» жейдесіндегі соңғы ресми матчын Петропавл қаласында дәл осы «Қызылжарға» қарсы өткізеді.

Бастапқы жоспар бойынша Дастан Сәтбаев «Челси» сапына тек тамыз айында, 18 жасқа толғаннан кейін ғана қосылуы керек болатын. Алайда лондондықтар «Қайрат» футбол клубына ресми хат жолдап, ойыншыны Лондонға ертерек шақырған.

Осылайша, Дастан Сәтбаев 29 маусым күні «Челсидің» негізгі командасымен бірге маусымалды дайындық аясында Австралияға аттанады.

Қайдан көруге болады?

Аталмыш ойынға билеттер «Qairat SuperApp» және «Freedom SuperApp» қосымшаларында әлі де сатылымда бар. Стадионға келе алмайтын жанкүйерлер үшін матч QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ Кинопоиск платформасы мен KFF League ресми YouTube-арнасы арқылы онлайн тамашалауға болады.

Сондай-ақ оқыңыз