Бүгін елде нөсер жаңбыр жауып, аптап ыстық болады

Синоптиктер 17 маусымда ел аумағында күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады деп болжайды. Ал кей өңірлерде бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін.
Елдің солтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы ықтимал.
Бірнеше өңірде аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы Атырау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Ұлытау облысының кей аудандарында +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.
Өрт қаупіне байланысты да жағдай күрделі болып тұр. Елдің бірқатар аймағында, соның ішінде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін маусым айының екінші және үшінші онкүндігіне арналған ауа райы жарияланған еді.