Lifestyle

«Ғашық болдым»: Әнші Лобода қазақтың Тазы итін өзіне ұқсатты

Светлана Лобода және Тазы
Эстрада жұлдызы Лобода Тазы итке ғашық болды / фото: Theads/Loboda

Украин әншісі Светлана Лобода қазақтың Тазы иттерімен бірге фотосессия өткізді. Ол жеті қазынаға кіретін асыл тұқымды итті өзіне ұқсатып, бір көргеннен ғашық болғанын айтты.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртаспен бірге ән айтып, бейнебаян түсірген Лобода енді Тазы иттермен суретке түсті. Ол фотосессия нәтижесін әлеуметтік желілерде жариялады.

«Адам өзіне ұқсайтын итті таңдайды деп жатады. Достарым маған Тазы иттерді көрсетті. Бір көргеннен ғашық болдым. Сүйегі асыл иттер менің жаңа фотосессиямның басты кейіпкерлеріне айналды», – дейді Лобода.

Светлана Лобода және Тазы
Тазы иттер – Лобода фотосессиясының басты кейіпкерлері / фото: Theads/Loboda

Әлеуметтік желі қолданушылар әншінің талғамы жоғары екенін айтып, суреттерге тамсанып жатыр. Оның үстіне, Лобода Тазы туралы көп білетін болып шықты.

«Қазақстанда биыл ресми мереке – Қазақ тазысы күні бекітілгені туралы оқыдым. Жұлдыздар кездесті деген осы шығар. Жаңалығым бар: жақында Қазақстанға барамын», – дейді украин әншісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украин әншісі Лобода Thraeds-те қазақша жазып, қазақ етін жоғары бағалайтын қонақжай халықтың тәбетін бірден оятқан еді. Содан кейін ол Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқады. Ол Алматыға көшіп келуі де мүмкін.