Жазғы спорт

Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына еріктілерді іріктеу басталды

Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына еріктілерді іріктеу басталды / ХОК

Лос-Анджелес Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті еріктілер бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың басталатынын жария етті, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Үміткерлерді тіркеу 2026 жылдың 14 шілдесінде, яғни ашылу салтанатына дейін тура екі жыл бұрын басталады. Ресми ақпаратқа сәйкес, еріктілер корпусының құрамына шамамен 60 мың адам кіреді.

Болашақ еріктілер ауқымды міндеттерді орындайды: спортшылар мен қонақтарды күтіп алу және шығарып салу, спорт нысандарында көрермендерге көмектесу, бағдар көрсету, сондай-ақ, медициналық сүйемелдеу және таударманы қоса алғанда, жекелеген функционалдық бағыттар бойынша қолдау көрсету.

Еріктілер позицияларының көпшілігі Лос-Анджелес аймағында қолжетімді болады.

Сонымен бірге, іріктеу 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жекелеген жарыстары өтетін АҚШ-тың басқа қалаларындағы спорт нысандары үшін де жүргізіледі.

Ойындардың еріктілер бағдарламасы екі бағытты қамтиды. Біріншісі Олимпиадаға дайындық кезеңінде Лос-Анджелес пен оның маңайында өткізілетін қоғамдық, спорттық және экологиялық бастамаларға қатысумен байланысты. Екінші бағыт тікелей Олимпиада мен Паралимпиада кезіндегі жұмысты көздейді.

Ұйымдастырушылар дайындық кезеңіндегі іс-шараларға қатысу үміткерлерге тәжірибе жинақтауға, ірі спорттық оқиғаларды ұйымдастырумен танысуға және Ойындар басталғанға дейін олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бағдарламаға қатысу үшін Олимпиада ойындары басталған сәтте 18 жасқа толған болу және ағылшын тілін меңгеру қажет. Әрбір ерікті Олимпиада немесе Паралимпиада ойындары кезінде ұзақтығы шамамен сегіз сағатты құрайтын кемінде он ауысымда жұмыс істеуі тиіс.

Барлық егжей-тегжейлі ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске сала кетейік, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары 2028 жылдың 14-30 шілдесі аралығында, ал Паралимпиада ойындары 15-27 тамыз аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы тамыз айында Парижде өткен олимпиада ойындарында ел қоржынына жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов (60 келі салмақ) алып келді.

Күміс жүлде иегерлері: Спорттық гимнастикадан – Нариман Құрбанов, Грек-рим күресінен – Демеу Жадыраев (77 келі), Бокстан – Нұрбек Оралбай (80 келі)

Қола медаль иегерлері: Қыздар боксы – Назым Қызайбай, Нысана көздеуден аралас командалық жарыс – Александра Лемен Ислам Сәтпаев, Дзюдодан – Ғұсман Қырғызбаев (66 келі).