Мас күйде рөлге отырған әкімге қатысты үкім шығарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Мас күйде рөлге отырған әкімге қатысты үкім шығарылды / Фото: kursiv.media коллажы

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинді қызметінен босатуды ұсынды. Шенеунік мас күйінде рөлге отырған, деп хабарлайды «Мой город».

Тәртіптік іс бүгін, 17 маусымда қаралған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті басшысының орынбасары Дәурен Қайыровтың айтуынша, оқиға 12 наурызда болған. Полиция қызметкерлері Зинуллинді жұмыс уақытында тоқтатқан, ол қызметтік көлікті басқарып келе жатқан. Шенеунік мас күйінде болып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

«Біз сот шешімдері мен БАҚ-қа тұрақты негізде мониторинг жүргіземіз. Бұл туралы біз әкімшілік құқық бұзушылықтар базасынан білдік», – деді Қайырров.

Бірінші сатыдағы сот әкімнің пайдасына шешім шығарды, алайда апелляциялық саты бұл қаулының күшін жойды.

Бұған дейін Әдеп жөніндегі кеңес Зинуллиннің ісін құрылысы аяқталмаған нысан үшін бюджет қаражатын аударғанына байланысты қараған. Содан кейін оған қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілген.

Бұған дайын Павлодар облысы әкімінің әпкесі Айгүл Байхан мас болып көлік жүргізгені үшін ұсталғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз