Экономика

Мұнай бағасы барреліне 78 долларға дейін төмендеді

Мұнай бағасы барреліне 78 долларға дейін арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты оң үміт әсер етіп отыр. Екі елдің Таяу Шығыстағы әскери қимылдарды тоқтатуға және Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумға ресми түрде қол қоюы 19 маусымға жоспарланған.

Нарық қатысушылары құжаттың нақты шарттары жариялануын күтіп отыр. Олар Парсы шығанағы елдерінен мұнай жеткізу қашан қалыпқа келетінін бағалауға тырысуда.

Лондондағы ICE Futures биржасының дерегі бойынша, Астана уақытымен 09:05-те Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері барреліне 79,85 доллар болды. Бұл алдыңғы сауда сессиясының жабылу бағасынан 3,32 долларға немесе 3,99%-ға төмен.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы алдын ала келісім жасасты. Екі тарап осы жұма күні ресми құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.