Өзбекстан билігі ұлттық құраманың ойыны үшін жұмыс уақытын ауыстырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Өзбекстан билігі ұлттық құраманың ойыны үшін жұмыс уақытын ауыстырды / Фото: ӨҰҚ

18 маусымда Өзбекстандағы барлық мемлекеттік мекемелерде жұмыс күні әдеттегіден екі сағат кеш, яғни сағат 10:00-де басталады.

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысының айтуынша, бұл шешім 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясындағы Өзбекстан-Колумбия матчына байланысты қабылданған. Ойын Ташкент уақытымен таңғы сағат 07:00-де басталады.

«Халқымызға ұлттық құрамаға үйде, жақындарымен бірге жанкүйерлік етуі үшін қосымша қолайлылық жасалып отыр», – деді Шерзод Асадов.

Асадов атап өткендей, жекеменшік кәсіпорындар жұмыс уақытын өз мүмкіндіктеріне қарай өздері белгілейді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл футболдан әлем чемпионатына төрт құрама дебют жасады, олардың қатарында Өзбекстан командасы да бар.

Сондай-ақ оқыңыз