Тариф көтерілген уақытта Астана мен Алматы суды аз тұтынатын болды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Ірі қалалардың тұрғындары суды үнемдеуге көшті / фото: unsplash.com

Қазақстандағы ең ірі үш қала – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары суды аз тұтынатын болған. Өйткені кейінгі екі жылда мегаполистерде тариф айтарлықтай көтерілген.

«Республикалық маңызы бар қалаларда, халық санының өсуіне қарамастан, бір адамға шаққандағы орташа су тұтыну көлемі азайды», – дейді Су ресурстары және ирригация министрлігінің маманы Ақерке Молдабек.

Министрлік Қазақстандағы ірі үш қалаға қатысты мәлімет таратты:

  • 2024 жылы Астана тұрғыны жылына орта есеппен 70,9 текше метр су тұтынса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 67,8 текше метрге дейін төмендеген.
  • Алматыда бір адамға шаққандағы су тұтыну көлемі жылына 73,3 текше метрден 69,1 текше метрге дейін қысқарған.
  • Ал су тұтыну көрсеткіші Шымкент қаласында 63,7 текше метрден 62,7 текше метрге дейін түскен.

Министрлік қала тұрғындарының суды аз тұтына бастағанын «кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстарының» нәтижесі деп есептейді.

Алайда кейінгі екі жылда Қазақстанда су тарифі айтарлықтай көтерілгенін ескерген жөн. 2024–2026 жылдар аралығында Астана мен Алматыда су құны орташа есеппен 40%-дан 45%-ға дейін көтерілді. Соған байланысты тұрғындар да суды үнемдеуге көшкен.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласында коммуналдық қызмет ақысы тағы көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз