Үш жастағы қызын өлтірген әке өмірлік түрме жазасына кесілді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Казахстанка через суд вернула деньги за бракованный Chery Tiggo 7 PRO
Сотталушы қызын өзінен емес деп есептеген / фото: Shutterstock

Павлодар облысында үш жастағы қызын өлтірген 26 жастағы ауыл тұрғыны өмірлік түрме жазасына кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, кішкентай қыздың азап көргені қылмыстық істі тергеу барысында анықталған. Тергеу нұсқасына қарағанда, әкесі оны өзінің қызы санамағандықтан күн көрсетпеген.

«Тергеу барысында анасы екінші баласын босанғаннан кейін сотталушының қызын жеккөріп кеткенін айтты. Сотталушы оны өзінің қызы екеніне күмәнданып, үнемі ұратын болған», – деді мемлекеттік айыптаушы Елена Корнева соттағы жарыссөз кезінде.

Мәліметтерге қарағанда, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті көршісінің моншасында ішімдік ішкен. Үйге келіп қызын ұрып, оны өзімен бірге моншаға алып кеткен. Сол жерде оны еденге лақтыра салған. Қыз аудандық ауруханада көз жұмған.

Сотталушы тағылған айыптарды ішінара мойындады. Ол қызына қол көтермегенін, көбіне анасы ұратынын айтқан. Бұған қоса, сотталушы абайсызда өлтіріп алдым деп есептейді.

Сот оның кінәсі толық дәлелденді деп шешіп, оны өмірлік түрме жазасына кесті. Бұған қоса ол қайтыс болған қыздың анасына 5 млн теңге төлеуге тиіс.

ҚазАқпарат мәліметінше, ауыр жазаны естіген сотталушы есінен танып қалған.

Сондай-ақ оқыңыз