1 маусымнан бері елде 29 адам суға кетіп қаза тапты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шомылу маусымы басталғалы бері елде 29 адам суға кетіп қаза тапты
Жаз басталмай жатып 29 адам суға кеткен/ фото: shutterstock

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып қайтыс болды. Оның ішінде 16 бала бар. Бұл туралы Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажкенұлы айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көбі шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда болған.

Қауіп-қатерді азайту мақсатында құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер қазірдің өзінде 24 мыңнан астам патрульдік рейд жүргізді. Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 592 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дидар Қажкенұлы судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі адамдардың қауіпті сезбейтінінен болатынын айтады.

«Талдау көрсеткендей, судағы өлім-жітімнің негізгі себебі адамдардың, әсіресе балалардың қауіпті сезінбей қалуында. Сондықтан негізгі күш алдын алу шараларына бағытталып отыр. Жыл басынан бері ауқымды ақпараттық науқан жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 7,5 мың бала жүзіп үйренді, бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар 95 мыңға жуық нұсқаулық парақшалар мен жадынамалар таратты, сондай-ақ су айдындарына 786 қауіпсіздік белгісі орнатылды«, – деді Дидар Қажкенұлы.

Айта кетейік, елімізде шомылу маусымы ресми түрде 2026 жылдың 1 маусымында басталған еді.

Бұған дейін БҚО-да үш түлек емтиханнан кейін шомылуға барып cуға батып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз