Англия – Хорватия: тартысты ойында ағылшындықтар жеңіске жетті

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы туры аясында жанкүйерлер голдар шоуын тамашалады. FIFA рейтингінде 4-орында тұрған Англия құрамасы мен 11-сатыдағы Хорватия арасындағы кездесу 4:2 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.
Бірінші тайм: Шабуылдар толқыны
Ойынның алғашқы 45 минуты қос команданың да ашық әрі нәтижелі футбол ойнағанын көрсетті:
12-минутта Англия құрамасының сұрмергені ХәрриКейн пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті ашты (1:0). 36-минут: Хорваттар тез ес жиды. П. Сучичтің пасынан кейін Батурина таразы басын теңестірді (1:1).
Араға бірнеше минут салып, Д. Райстың көмегімен Хәрри Кейн матчтағы екінші голын соғып, дубль жасады (2:1). 45+5-минут: Бірінші таймның соңғы секундтарында И. Перишичтің ассисттілігімен П. Муса есепті қайтадан теңестіріп кетті (2:2).
Қос команда үзіліске тартысты 2:2 есебімен аттанды.
Екінші тайм: Ағылшындардың басымдығы
Екінші тайм басталған бойда Англия құрамасы бірден алға ұмтылды:
47-минутта Андерсонның пасын Дж. Беллингхем голға айналдырып, ағылшындарды тағы да алға шығарды (3:2).
Ойын соңына қарай Б. Саканың ассисттілігінен кейін алаңға тыңнан қосылған Маркус Рэшфорд матчтың нүктесін қойды (4:2).
Тактикалық ауысымдар
Ойын барысында екі құраманың да бапкерлері тактикалық өзгерістерге барды. Хорватия сапында алаңға М. Ковачич (58′), М. Пашалич (66′), И. Матанович (66′), Н. Влашич (78′) және А. Крамарич (79′) шықты.
Англия бапкері де 72-минутта бірден үш ойыншыны (М. Рэшфорд, Б. Сака, М. Роджерс) алаңға қосып, шабуылды күшейтті. Бұл ауысымдар өз жемісін беріп, Рэшфорд пен Сака дуэті төртінші голды ұйымдастырды.
Англия құрамасы Әлем чемпионатының алғашқы турында өзінің шабуылдағы қуатын толық көрсетіп, маңызды 3 ұпайға қол жеткізді. Ал Хорватия құрамасы лайықты қарсылық көрсеткенімен, екінші таймда қорғаныстағы қателіктер салдарынан жеңіліс тапты.
Осылайша, Англия құрамасының капитаны Хәрри Кейн Мбаппе, Холанд, Лионель Месси сияқты сұрмергендермен голдар саны бойынша бәсекеге түсіп отыр.