Астанада әлімжеттік үшін жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Полиция завела уголовное дело после гибели двух рабочих на "Казцинк"
Астанада әлімжеттік үшін жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды / Фото: Shutterstock

Астанада жасөспірімдер тобының кіші жастағы балаға шабуыл жасауы тергелуде, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кәмелетке толмағандардың кезектесіп соққы жасап жатқаны түсірілген видео пайда болған еді. Шабуыл жасағандар кастетке ұқсас затты қолданған болуы мүмкін.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы, бұрыннан өзара таныс адамдар, анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қозғалды.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда оқушы мен колледж студенті құрдастарынан ақша бопсалады деп күдікке ілінген еді.

Сондай-ақ оқыңыз