Lifestyle

74 жастағы әжей парапланмен ұшып, желіні таңғалдырды

фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде жасы егде тартса да, өмірге деген құштарлығы сөнбеген ақ жаулықты ананың видеосы қызу талқыланып жатыр. Instagram қолданушысы alma.janalina парақшасында 74 жастағы анасының биік таулардың үстінен парапланмен қорықпай ұшқан сәтін көрсетті.

Видео авторы жазбасында: «Анашым 74 жаста… Ал, істеп жүргені мынау… Не дейсіздер, ал?!» – деп жазды.

Апаның нұсқаушымен бірге асқар таулардың аясында, аспан көгінде ешбір қобалжусыз, керісінше, ән айта отырып, көңілді күйде ұшып бара жатқаны көрінеді.

Бұл ерекше сәт оқырмандардың таңданысы мен сүйіспеншілігін тудырды. Пікір қалдырушылар апаның батылдығына тәнті болып, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

«ЖИ деп қалсам. Шын екен ғой», «Мәәә мықты екен қорықпай тұрған. Қарап отырып қорқып отырмын. 100 жасасын апамыз!» – деп таңданысын жасыра алмады желі қолданушылары.

Бұған дейін, 93 жастағы әжеге алғаш рет туу туралы куәлігі берілген еді.