Әл-Фарабидегі жол апаты: марқұмның әкесі Пакты кешірмейтінін айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Әл-Фарабидегі апаттан қайтыс болған әкесі сотқа қатысты/фото: видеодан скриншот

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адам қайтыс болған іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 19 маусымдағы сот отырысына қайтыс болған Томирис Қыдырбектің әкесі Рүстембек Шатенов қатысты.

Ер адам сотталушы Александр Пакқа кешірім бермейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, апат салдыранын 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек оқиға орнында қайтыс болған. Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленушілер сотталушы Пакты кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Ал Рүстембек Шатенов сотталушыны кешірмейтінін айтып, өзін қылмыстық істе жәбірленуші деп тануды сұрап отыр.

Бұған дейін істегі адвокат Мейірман Шекеев пен Олег және Анна Черновтардың істен шыққаны туралы айтылды. Черновтардың орнына іске адвокат Гүлмира Бабажанова қосылды

Сондай-ақ оқыңыз