Димаш Құдайберген астаналық мектеп түлегіне қымбат сыйлық жасады (видео)

Жарияланды 19 Маусым 2026 12:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
dimash
Димаш Құдайберген / Фото: Instagram/ Dimash Kudaibergen

Биыл Астанада 16 мыңнан астам жас түлек мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Алайда, бұл күн №83 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цой үшін өміріндегі ең ұмытылмас сәттердің біріне айналды.

Желіні жаулаған би

Максим Цой көпшілікке осыған дейін, дәлірек айтсақ, 25 мамыр күнгі соңғы қоңырау салтанатында танылған еді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар жас түлектің ұстазымен бірге билеген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, мыңдаған адамның жүрегін елжіреткен болатын. Оның өмірге деген шексіз құштарлығы, белсенділігі мен ұстазына деген шынайы құрметіне желі қолданушылары тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырған еді.

Бүгін Максим өзінің көпжылдық еңбегінің жемісін көріп, мектепті үздік тәмамдағанын айғақтайтын қызыл аттестатын алды.

Димаш Құдайбергеннің қолдауы

Аттестат тапсыру рәсімі барысында Максимді тағы бір үлкен қуаныш күтіп тұрды. Оның табандылығы мен білімге деген құштарлығына әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жоғары баға беріп, арнайы тосынсый жолдады.

Өнер иесі жас түлектің алдағы білім жолына қолдау көрсету мақсатында оған қымбат ноутбук тарту етті.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұған дейін туған жері Ақтөбеде бейнебаян түсіріп жатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз