Қазақстандағы ең үздік перзентханалар анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
перзентхана
фото: roddom4-almaty.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Астанада ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы еліміздің ең үздік ұйымдары анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша «Беделді перзентхана» атағы бірден еліміздің үш медициналық ұйымына берілді. Жеңімпаздар қатарында Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық көпбейінді ауруханасы бар. Бұл медициналық ұйым елордадағы босануға көмек көрсететін ең ірі орталықтардың бірі саналады.

Сондай-ақ Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығы да осы марапатқа ие болды. Орталық бүкіл өңірдегі жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде күрделі клиникалық жағдайларда мамандандырылған көмек көрсетеді.

Құрметті атақ иеленген тағы бір мекеме – Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы. Бұл медициналық ұйым жүктілікті, босануды жүргізудің және шала туған нәрестелерді күтіп-баптаудың заманауи әдістерін белсенді түрде енгізіп келеді.

Ал «Беделді балалар ауруханасы» номинациясы бойынша еліміздің үш жетекші балалар медициналық ұйымы жеңімпаз деп танылды. Олардың қатарында Түркістан облыстық балалар ауруханасы бар. Жоғары бағаға ие болған тағы бір мекеме – Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасы. Жеңімпаздар қатарына Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы да енді.

Тағы да оқыңыз: Биыл туған сәбилерге жиі қойылған есімдер қандай

Сондай-ақ оқыңыз