Қазақстандық банктер 5 айда 1 трлн теңге таза пайда тапқан
Жарияланды

Қазақстандық банктер 2026 жылдың 5 айында 1 трлн теңгеден астам таза пайда тапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз.
Ұлттық банк статистикасына сәйкес, банк секторы мамыр айында 240 млрд теңге таза пайда алған. Нәтижесінде бес айдағы таза табыс 1 трлн 36 млрд теңгені құрады.
Банктердің табысы төмендегенімен, олардың клиенттерге қызмет көрсетуден тапқан пайыздары айтарлықтай өсіп, 26%-ға жуықтап, 3,3 триллион теңгені құрады.
Жалпы 2026 жылы қаржы ұйымдарының таза пайдасы қысқарып келе жатқаны байқалады.
Оған несие талаптарының қатаңдауы, салымшыларға төлейтін сыйақының жоғары болуы және салықтың артуы әсер еткен.