Қылмыстық кодекс, экология және байланыс: Тоқаев үш заңға түзету енгізді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев үш заңға түзетулер енгізу туралы құжаттарға қол қойды / Фото: Ақорда, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел заңнамасының түрлі салаларына өзгерістер енгізетін түзетулер пакетіне қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент мына заңдарға қол қойды:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы мен кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.
  • «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.

Қол қойылған барлық заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойған еді.

Сондай-ақ оқыңыз