Тарихшы, белгілі ютубер Тамара Эйдельман сегіз жылға сотталды

Мәскеу қалалық соты тарихшы Тамара Эйдельманды сырттай сегіз жылға бас бостандығынан айырды деп жазады «Медиазона».
Тергеу оған бірден екі бап бойынша айып тақты. Оқытушыны «нацизмді ақтады» және Ресей әскері туралы «жалған ақпарат таратты» деп айыптап отыр.
Прокруатура дерегінше, тарихшы 2024 жылдың мамыр айында жарық көрген бағдарламаларының бірінде Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары туралы айтып, билік заңсыз деп тапқан мәлімдемелер жасаған. Бұған қоса 2024 жылдың шілдесінде Ресей әскерінің әрекеттері туралы бұрыс ақпарат таратты деп кінәлайды. Сот бұл уәждермен келісіп, оқытушыны сырттай сегіз жылдық түрме жазасын кесті.
Тамара Эйдельман – танымал тарихшы, педагог және «Тамара Эйдельманмен тарих сабақтары» атты YouTube-каналдың авторы. Қазір оған 1,2 млн адам тіркелген. Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағаннан кейін Эйдельман елден кетіп, Кремль саясатына наразылығын білдірген. Сол кезде оны шетелдік агент деп тапқан еді. Ал 2024 жылы тағы бір «шетелдік агент», журналист Юрий Дудьқа сұхбат бергеннен кейін оған айыппұл салынды.
Тағы да оқыңыз: Мәскеу прокуратурасы Юрий Дудьқа қарсы қылмыстық іс ашуды талап етті