Жамбыл облысында қоқыс полигоны өртенді

Жамбыл облысының Байзақ ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында Байзақ ауданы Қарлығаш пионерлагері ауылынан екі шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай жойылды.
Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері және Түймекент ауылының «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты. Өртсөндірушілер бірлескен күш-жігермен өрт ошақтарына су сеуіп, үстіне топырақ төкті, бұл жалынның таралуын тоқтатуға мүмкіндік берді.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт толықтай сөндірілді, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
ТЖМ қалдықтарды рұқсатсыз жағу ірі өрттерге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Бұған дейін Астана қаласының Сарайшық ауданында Жүргенов көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан өрт шықты.