Әскерилерге туыстарынан үй жалдауға рұқсат берілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Әскерилер тұрғын үй төлемдерін енді туыстарынан баспана жалдауға пайдалана алады / Фото: shutterstock

Қазақстанда әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлеріне арналған тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Бұл туралы Kursiv.media krisha.kz дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін үлестік құрылысқа қатысуға және сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді жалдауға пайдалана алады. Сондай-ақ оларға тұрғын үйді туыстарынан сатып алуға рұқсат берілді. Жаңа ережелер 2026 жылғы 30 мамырдан бастап күшіне енді.

Тұрғын үй төлемдері: не өзгерді

Бұған дейін тұрғын үй төлемдерін тек баспана сатып алуға, ипотекалық қарызды өтеуге және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде қаражат жинауға ғана пайдалануға болатын.

Енді тұрғын үй төлемдерін:

  • тұрғын үй сатып алуға;
  • ипотекалық қарызды өтеуге;
  • Отбасы банкіндегі тұрғын үй жинақтарына;
  • кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдауға;
  • үлестік құрылысқа қатысу кезінде жарналарды төлеуге жұмсауға болады.

Жаңа тәртіп бойынша бірқатар бұрынғы шектеулер мен тыйымдардың күші жойылды.

Жалға берілетін тұрғын үйге қатысты шектеулер алынып тасталды

Тұрғын үй төлемдерін жалға берілетін баспанаға пайдалану мерзіміне қойылған шектеу жойылды. Сонымен қатар жалдау шартын міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізу талабы да алынып тасталды.

Туыстардан тұрғын үй сатып алуға рұқсат берілді

Тағы бір маңызды өзгеріс – жақын туыстарынан тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға қойылған тыйым күшін жойды.

Тұрғын үйдің ауданына қатысты шектеу алынып тасталды

Бұған дейін тұрғын үй төлемдерінің мөлшері баспананың ауданына байланысты есептеліп, 90 шаршы метрге дейінгі тұрғын үйге ғана қолданылатын шектеу болған. Жаңа ережеге сәйкес бұл шектеу де күшін жойды.

Еске салсақ, осыған дейін Қорғаныс министрлігі ер офицерлердің декреттік демалысқа шығуына қатысты статистиканы жариялады. Ведомство мәліметінше, соңғы жылдары бала күту демалысын алатын әскерилер қатары артқан

Сондай-ақ оқыңыз