Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алды
Жарияланды

Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович ресми сапармен келді. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтті.
Алдымен екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Салтанатты қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін Тоқаев пен Милатович келіссөз залына өтті.
Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, саяси байланысты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.
Айта кетейік, Черногория басшысының Қазақстанға сапары үш күнге созылады.