Жаңалықтар

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алды

Фото: Ақорда

Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович ресми сапармен келді. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтті.

Алдымен  екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Фото: Ақорда

Салтанатты қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін Тоқаев пен Милатович келіссөз залына өтті.

Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, саяси байланысты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.

Айта кетейік, Черногория басшысының Қазақстанға сапары үш күнге созылады.