Ақтөбедегі газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Спасение из пожара/
Көлік ішінде екі бала болған / Фото: ҚР ТЖМ

19 маусым күні кешке Ақтөбе қаласындағы автогаз құю станциясының аумағында жеңіл автомобиль өртенді. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, өрт басталған сәтте көліктің қасында көмек сұраған ер адам (болжам бойынша жүргізуші) болған.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шықан жайлы хабарлама 112 пультіне 22:55-те түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар қызметі тілсіз жауды 8 минут ішінде сөндірді.

Өрт сөндірушілер жалынның өзге аумаққа таралуына және жанармай бекетінде жарылыс болуына жол бермеген.

Өрт ауыздықталғаннан кейін автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, оның екеуі – балалар. Сонымен қатар тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын және қайғылы жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Бұған дейін Павлодарда өрт кезінде терезеден секірген бойжеткен ауруханада көз жұмған.

Сондай-ақ оқыңыз