Футболдан ӘЧ: Испания, Бельгия және Уругвай ойнайды

Жарияланды 21 Маусым 2026 15:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Футбол кеші: 21-22 маусымдардағы негізгі ойындар / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

21 маусым күні әлем чемпионатында бірнеше қызықты матч өтеді. Күндізгі ойында Тунис пен Жапония кездессе, кешкі басты ойындардың бірі – Испания мен Сауд Арабиясы матчы. Ал түнге қарай Бельгия – Иран, Уругвай – Кабо-Верде және Жаңа Зеландия – Мысыр ойындары өтеді. Астана уақытымен алғанда, матчтардың бір бөлігі 22 маусымға ауып кетеді.

Испания алғашқы турдағы сүреңсіз нәтижеден кейін жеңіске ұмтылады. Бельгия мен Иран үшін де бұл ойынның маңызы жоғары: екі команда да топтан шығуға бар күшін салады Ал Уругвай – Кабо-Верде кездесуінде тәжірибе мен дебютанттың қайсарлығы сыналады.

⚽ FIFA World Cup 2026

Бүгінгі матчтар: Астана уақытымен

21 маусым күнгі ойындар. Уақыттың бір бөлігі Астана уақыты бойынша 22 маусымға ауысады.
21 маусым, жексенбі
🕘 09:00
🇹🇳 Тунис
VS
Жапония 🇯🇵
F тобы Таңғы матч
🕘 21:00
🇪🇸 Испания
VS
Сауд Арабиясы 🇸🇦
H тобы Кешкі ойын
22 маусымға ауған түн
🕛 00:00
🇧🇪 Бельгия
VS
Иран 🇮🇷
G тобы Түнгі матч
🕒 03:00
🇺🇾 Уругвай
VS
Кабо-Верде 🇨🇻
H тобы Түнгі ойын
🕕 06:00
🇳🇿 Жаңа Зеландия
VS
Мысыр 🇪🇬
G тобы Таңғы ойын
Ескерту: барлық уақыт Астана уақытымен көрсетілді. АҚШ пен Канададағы кешкі матчтар Қазақстанда түнгі және таңғы уақытқа түседі.

Айта кетейік, сенбі, 20 маусым күнгі матчта Кот-д’Ивуар сенсацияға жақын еді, бірақ Ундав бәрін өзгертті.

Сондай-ақ оқыңыз