
Германия Кот-д’Ивуарды қиын матчта 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің бірінші таймында африкалық команда сенімдірек көрінді. 30-минутта Франк Кессие есеп ашып, Кот-д’Ивуарды алға шығарды. Германия үзіліске дейін екі рет гол соққандай болды, бірақ төреші екі эпизодты да фолға байланысты есепке алмады.
| Минут | Команда | Гол авторы | Ассист |
|---|---|---|---|
| 30’ | Кот-д’Ивуар | Франк Кессие | Ассист тіркелмеген |
| 68’ | Германия | Дениз Ундав | Надием Амири |
| 90+4’ | Германия | Дениз Ундав | Феликс Нмеча |
Екінші таймда Германия қысымды күшейтті. Нагельсманнның шешуші ауысымы –Дениз Ундавтың алаңға шығуы болды. 68-минутта ол Надием Амиридің пасынан кейін есепті теңестірді. Ал матчтың соңғы сәтінде, 90+4-минутта, Феликс Нмечаның пасын пайдаланып, жеңіс голын соқты.
Осылайша Германия матчты соңғы минуттарда жұлып алды. Кот-д’Ивуар ұзақ уақыт бойы сенсацияға жақын тұрды, бірақ Ундавтың дублі бәрін шешті. Германия плей-оффқа шықса, Кот-д’Ивуар соңғы турда міндетті түрде ұпай алуға тырысады.
Айта кетейік, Нидерланд құрамасы Швецияға қарсы ойында қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Матч 5:1 есебімен аяқталды